Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: 53 жастағы танымал бизнесмен Монакода тікұшақ апатынан мерт болды

Опубликовано:

Вячеслав Таран
Вячеслав Таран. Видеодан кадр: YouTube/Change One Life

Forex Club компаниясының негізін қалаушы, валюта нарығындағы беделді операторлардың бірі Вячеслав Таран Монакодағы әуе апатынан көз жұмды. Бұл туралы Lenta.ru жергілікті басылымға сілтеме жасап хабарлады.

Монкалық БАҚ-тың мәліметінше, 53 жастағы бизнесмен тікұшақ апатынан қайтыс болған. Әуе рейсіне жауапты компания апат себептерін ашық айтудан бас тартқан. Сондай-ақ апаттан 35 жастағы ұшқыш та мерт болған.

Вячеслав Таран Forex Club-ты 1997 жылы құрған. Ол әлемдегі беделді бизнесмендер қатарында тұр. Соңғы он жылда Монакода өмір сүрген.

Сондай-ақ ол "Өміріңді өзгерт" қорын құрып, өзге де қоғамдық жұмыстарға атсалысқан.

Марқұмның артында әйелі мен үш баласы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1999220-53-zastagy-tanymal-biznesmen-monakoda-tikusaq-apatynan-mert-boldy/

pixel