Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда казино ойнауға келетін шетелдіктер үшін визасыз режим енгізілмек

Опубликовано:

ойын фишкалары
Ойын фишкалары.Көрнекі сурет: pixabay.com

Қырғызстанда арнайы ойын аймағына баратын шетелдіктер үшін елге визасыз кіру ұсынылып отыр. Сәйкес заң жобасы қоғамдық талқыға шығарылды, деп хабарлайды Қазақпарат Қырғызстан Министрлер кабинетіне сілтеме жасап.

Агенттіктің жазуынша, шетелдіктерге Қырғызстан аумағындағы арнайы ойын аймағына бару үшін ғана виза рәсімдемей кіруге, шығуға, транзитпен жүруге, жүріп-тұруға рұқсат етіледі.

Казиноға келушілер Қырғызстанға келгеннен кейін төлқұжат бақылауынан өту кезінде тек жарамды жеке басын куәландыратын құжат көрсетуі керек.

Бұл ретте шетелдіктер уәкілетті мемлекеттік органда тіркеуден өтпей-ақ Қырғызстанда он бес тәулік бола алады.

Бұдан басқа, заң жобасында шетелдік азаматтар арнайы ойын аймағының шекарасын заңсыз кесіп өтсе, бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге түзету жұмыстары немесе 500-ден 1000 есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жазаға тартылатыны жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1999427-qyrgyzstanda-kazino-oinauga-keletin-seteldikter-usin-vizasyz-rezim-engiziledi/

pixel