Иран билігі алғаш рет елдегі шеру кезінде қаза тапқандардың санын айтты

Опубликовано:

Иран туы
Иран туы: pixabay.com

Иран билігі шерулер кезінде қаза тапқандардың санына қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады, деп жазады Хабар24 арнасы.

Иран басшылығы таратқан мәліметке сүйенсек, қыркүйек айынан бері жалғасып келе жатқан толқулардан 300-ден аса адам көз жұмған. Бұл туралы осы елдің Ислам ревоюлциясы сақшылары корпусының генералы Амир Әли Гаджизаде айтқан.

Ол сондай-ақ наразылықты АҚШ, Израиль, Сауд Арабиясы сынды Иранға жау мемлекеттер ұйымдастырғанын мәлім еткен. Ал осы елдегі адам құқықтарын қорғаушылар болса шерулер кезінде қаза тапқандардың саны әлдеқайда көп деп отыр.

Сарапшылардың пікірінше, Иранда толқулардан 451 шеруші мен 60 тәртіп сақшысы көз жұмған. 18 мыңнан аса адам тұтқындалған.

Еске салайық, Ирандағы наразылықтар қыркүйек айында хиджабты дұрыс кимегені үшін моральдық полиция ұстаған 22 жастағы Махса Амини есімді бойжеткеннің өлімінен кейін басталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1999452-iran-biligi-algas-ret-eldegi-seru-kezinde-qaza-tapqandardyn-sanyn-aitty/