Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда әкесі үш жасар ұлын біреудің көлігін зақымдағаны үшін ақысын өтеуге мәжбүрлеген

Опубликовано:

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Қытайдың Гуандун провинциясындағы Шэньчжэнь қаласының тұрғыны үш жасар ұлын көршісінің көлігіне зақым келтіргені үшін ақысын өтеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ер адамның үш жасар ұлы досымен бірге ойыншық мылтықпен далада ойнап жүргенде екі көлікті абайсызда сызып алған. Көлік иесі олардың көршісі болып шыққан. Ол балаларды ұстап алып, әкесінің алдына апарған.

Ер адам балаларды қорғаған, бірақ олардың әрекетінің дұрыс еместігін мойындаған. Ол балаларға ұрыспай, ұлына көршісінен кешірім сұрауын және өтемақы ретінде 2000 юаньды (130000 теңге) өз бетімен төлеуін талап еткен.

"Осылайша ол өз қателігі үшін төлеуі керек екенін түсінеді деп үміттенемін", - дейді әкесі БАҚ-қа берген сұхбатында.

Баласын өз ісіне жауапкершілікпен қарауға үйреткен әкенің әрекеті әлеуметтік желіде жұртшылықтың назарын аударған. Басылымның жазуынша, желі қолданушыларының арасында ер адамның даналығына сүйсініп, алғыс білдіргендер де болған.

"Ұлы өз қателігін түсініп қана қоймай, әкесінің әрекетін үлгі тұтады деп ойлаймын", - деп жазады желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1999478-qytaida-akesi-us-zasar-ulyn-bireudin-koligin-zaqymdagany-usin-otemaqy-toleuge-mazburlegen/

pixel