"Жер аруы" атағын алғаш рет корей қызы жеңіп алды
Жарияланған күні:
Биыл "Жер аруы - 2022" халықаралық сән байқауының жеңімпазы атағын алғаш рет корей аруы жеңіп алды. 23 жастағы Мина Сью Чой Аустралия, Колумбия, Палестина елдерінің аруларынан басым түсті. Жеңімпаз тәжін корей аруына 2021 жылдың жеңімпазы Дестини Эвелин Вагнер тақты, деп жазады KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, биыл сән байқауы пандемиядан кейін алғаш рет офлайн форматта өткізіліп отыр. Халықаралық байқау осы жылы Филиппиннің Паранаке қаласында өткен.
"Жер аруы - 2022" жеңімпазы Оңтүстік Корея елінің өкілі Мина Сью Чой Аустралияның Сидней қаласында дүниеге келіп, жеті жасқа дейін сонда тұрған.
Сью Чой көп жылдан бері әлемнің түрлі елдерінде тұрған және бірнеше рет өзінің этникалық отанына оралған. Бойжеткеннің туыстары бүгінде Канада, Аустралия, АҚШ және Оңтүстік Кореяда тұрады.
2021 жылы корей аруы АҚШ-қа қоныс аударып, Иллинойс университетінде коммуникация өнерін зерттей бастаған және сол жылы Сью Чой "Мисс Корея — 2021" байқауында жеңіпаз атанған.
Мина отаны Оңтүстік Кореяны мақтан тұтатынын айтады. Оның сөзінше корей халқы - әлемдегі ең еңбекқор ұлт.
Сонымен бірге корей қызы байқауда әділқазы алқаларының сұрағына тапқыр жауап бергенімен ерекшеленген.
Ол адамдар бір-біріне түсіністікпен қарап, мейірімді болса, әлем де жақсы жаққа қарай өзгеретініне сенімді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1999693-zer-aruy-atagyn-algas-ret-korei-qyzy-zenip-aldy-foto/