Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір күні үйден шықпаңдар деп айтуы ғажап емес": Ауғанстандық әйелдерге саябақтарда серуендеуге тыйым салынды

Опубликовано:

хиджабтағы ару
Хиджабтағы ару. Көрнекі фото: pixabay.com

Ауғанстанда әйелдерге қатысты тағы шектеу енгізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BBC сайтына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, елді билеуші ​​Талибан қозғалысының қатаң шектеулеріне байланысты бұдан былай әйелдерге Кабулдағы саябақтарға баруға тыйым салынады.

Жақында ел астанасында әйелдердің бассейндер мен спорт залдарына баруға тыйым салынған болатын. Бұл ереже бүкіл ел аумағында әйелдерге қатысты болуы мүмкін.

Ал ауған әйелдері мен қыздары алдағы уақытта елдегі ахуалдың қалай болатынына алаңдаулы.

Кейбіреулер бұл шаралар елдің басым бөлігіне әсер етпейтінін айтады, өйткені қазір адамдардың көбі үшін кешке үйден шығу – өздеріне рұқсат бере алмайтын "байлыққа" айналған.

"Бір күні бізге, әйелдер бұдан былай үйлерінен шыға алмайды деп айтуы да ғажап емес. Ауғанстанда бәрі мүмкін", – дейді студент қыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1999802-bir-kuni-uiden-syqpandar-dep-aituy-da-gazap-emes-auganstandyq-aielderge-sayabaqtarda-seruendeuge-tyiym-salyndy/

pixel