Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеу түбіндегі сауда орталығында жарылыс пен өрт болып, бір адам қаза тапты

Опубликовано:

"Мега Химки" сауда орталығындағы өрт
"Мега Химки" сауда орталығындағы өрт. Видеодан кадр: t.me/bbbreaking

Бүгін, 9 желтоқсан күні Мәскеу түбіндегі Химки қаласындағы сауда үйінде ауқымды өрт болып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, оқыс оқиғадан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Қазір өрт сөндірушілер 7 мың шаршы метр отты ауыздықтап үлгерген.

Айта кетейік, бүгін таңертең Мәскеу түбіндегі "Мега Химки" сауда үйінде құрылыс дүкені өртенді. От 18 мың шаршы метрді құрайтын аймаққа таралып, ғимратта жарылыстар болған. Салдарынан лак-бояу материалдары мен аэрозольдер жарылған.

Бастапқыда өрт әдейі қойылуы болуы мүмкін деген болжам айтылды. Алайда кейінірек жедел қызмет өрттің қысқа тұйықталу салдарынан басталғанын хабарлады, деп жазады ТАСС.

"Өрттің шығуына негізгі себеп - қысқа тұйықталу. Өрт OBI дүкенінен шыққан. Оның кең көлемде таралуына жарылыс себеп болған", - дейді агенттікке сұхбат беруші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2000870-maskeu-tubindegi-sauda-ortalygynda-zarylys-pen-ort-bolyp-bir-adam-qaza-tapty/

pixel