Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалық журналист Катардағы матч кезінде стадионда қайтыс болды

Опубликовано:

Грант Уол
Грант Уол. Фото: Спорт-экспресс

Катардағы әлем чемпионатында CBS Sports арнасының журналисті Грант Уол қайтыс болды. Бұл туралы Спорт-экспресс басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Америкалық журналист Аргентина мен Нидерланд арасындағы ширек финалдық матч кезінде қайтыс болған. Бұл туралы әлеуметтік желіде оның ағасы Эрик хабарлады және АҚШ футбол федерациясы да журналистің көз жұмғанын растады.

"Лусаил" стадионындағы баспасөз қызметкерлеріне арналған орында Уол есінен танып қалған. Оған дәрігерлер жедел көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізеді.

Өкінішке қарай, футбол шолушысы жергілікті ауруханалардың бірінде көз жұмды.

Грант Уол 48 жаста еді. Ол Катардағы әлем чемпионаты басталғанда түрлі-түсті жейде кигені үшін қамауға алынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2001014-amerikalyq-zurnalist-katardagy-matc-kezinde-stadionda-qaitys-boldy/