Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинада бүкіл ел бойынша электр қуаты толығымен өшуі мүмкін

Опубликовано:

Дмитрий Кулеба
Дмитрий Кулеба. Фото: Timothy A. Clary/AFP/Getty Images

Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба энергиямен жабдықтау нысандарына жасалған жаппай шабуылдарға байланысты бүкіл елде электр қуаты толығымен өшуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК Украина сайтына сілтеме жасап.

Дегенмен, Кулеба немістің ARD басылымына берген сұхбатында айтқандай, мұндай қиын жағдайлар украиндықтарды елден жаппай кетуге итермелемейді. Керісінше, тұрғындар жаппай отынмен жылытуға жағдай бар ауылға қарай кетуі мүмкін.

Украина СІМ басшысы энергиямен қамтамасыз ету нысандарына жасалған жаппай шабуыл үкімет пен халыққа, әсіресе қыс кезінде үлкен қиындықтар тудыратынын айтты. Ал елге әскери емес көмек, әсіресе генераторлар мен трансформаторлар қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2001240-ukrainada-bukil-el-boiynsa-elektr-quaty-tolygymen-osui-mumkin/

pixel