Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павел Дуров БАӘ-дегі ең бай адам атанды

Опубликовано:

Павел Дуров
Павел Дуров. Фото: Manuel Blondeau/AOP.Press/Corbis via Getty Images

Telegram мессенджерін негізін қалаушы Павел Дуров Біріккен Араб Әмірліктерінің ең бай адамдары тізімінде көш бастады. Мұндай мәліметтерді Forbes журналы жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, 38 жастағы Дуровтың байлығы 151 миллиард долларға бағаланған.

Forbes нұсқасы бойынша планетадағы ең бай адамдарының тізімінде Дуров 115-ші орында тұр.

Басылымның жазуынша, Павел Дуров бүкіл әлем бойынша 600 миллионнан астам қолданушысы бар Telegram мессенджерінің негізін қалаушы және иесі.

"Дуров ресейлік арнайы қызметтермен ынтымақтасудан және өзінің алғашқы әлеуметтік желісіндегі пайдаланушылардың шифрланған деректерін беруден бас тартқан соң Ресейден кетіп қалды", — деп жазады басылым.

Дуров Дубайға 2017 жылы көшкен. Ал 2022 жылдың сәуір айында БАӘ азаматтығын алған. Бұған дейін бұл Дуровтың төртінші азаматтығы екені, шетелге шығу үшін ол БАӘ және Франция төлқұжаттарын пайдаланатыны айтылған еді.

Ресейден эмиграциядан кейінгі алғашқы жылдары ол Сент-Китс пен Невис азаматтығын пайдаланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2001382-pavel-durov-baa-degi-en-bai-adam-atandy/

pixel