Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Францияда футболдан әлем чемпионатының финалдық ойынынан кейін тәртіпсіздік болды (видео)

Опубликовано:

Франция көшелеріндегі полицейлер
Франция көшелеріндегі полицейлер. Фото: Kiran Ridley/Getty Images

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өз ұлттық құрамасының финалдық матчта Аргентина құрамасынан жеңілгеніне ашуланған француз жанкүйерлері тәртіпсіздіктерге жол берген. Оларды полиция қызметкерлері тарқатқан. Бұдан бөлек Испания астанасы Мадридте де полицейлерге көңілді аргентиналық жанкүйерлерді алаңнан таратуға тура келген.

Daily Mail басылымының хабарлауынша, Франция – Аргентина матчы күні бүкіл Франция бойынша 14 мыңға жуық полиция қызметкері кезекшілік еткен. Аргентинаның жеңісінен ондаған мың француз жанкүйерлері көшеде бүлік шығарған.

Тәртіпсіздіктер елдің ірі қалалары – Париж, Лион және Ниццада болған.

The Sun басылымының жазуынша, Париждегі Елисей алаңында отшашулар мен сигнал беретін ракеталар қолданылған. Жанкүйерлер полицияға тас пен бөтелке лақтырған.

Салдарынан тәртіп сақшыларына жиналғандарды тарату үшін су атқыш құралдарын, көзден жас ағызатын газ бен таяқтарды қолдануға тура келген.

Парижде ондаған адам қамауға алынған.

Испанияның астанасы Мадридте де осындай көріністер аргентиналық жанкүйерлер өз командасының жеңісін тойлау үшін көшелерге жиналған кезде болған.

Мұнда да полицейлерге жанкүйерлерді сабырға шақыруға тура келген.

Еске сала кетейік, кеше, 18 желтоқсанда Катарда бір айға жуық созылған футболдан әлем чемпионаты аяқталады.

Финалдық мачта Аргентина-Франция құрамалары кездесті. Тартыста өткен ойында Аргентина құрамасы араға 36 жыл салып, әлем чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2002036-franciyada-futboldan-alem-cempionatynyn-finaldyq-oiynynan-keiin-tartipsizdik-boldy-video/

pixel