Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аргентина халқы футболдан әлем чемпиондарын қалай қарсы алды (видео)

Опубликовано:

Аргентина құрамасының ұшақтан түскен сәті
Аргентина құрамасының ұшақтан түскен сәті. Видеодан кдар: Youtube/TyC Sports

18 желтоқсанда футболдан әлем чемпионатының финалында Францияны жеңген аргентиналық команда бүгін өз еліне оралды. Отандастары ұлттық құраманы дүркіретіп қарсы алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Телеарна сайтының хабарлауынша, сейсенбі, 20 қараша күні таңғы уақытта Катардан Аргентина астанасы Буэнос-Айреске футболдан ұлттық құрама мінген ұшақ келіп қонған.

Әуежайда оларды мыңдаған жанкүйер қарсы алған. Содан кейін аты аңызға айналған Лионель Месси бастаған футболшылар ашық автобусқа отырып, ел астанасының орталығындағы ескерткіш алаңына қарай беттеген.

Аргентина футбол құрамасының ойыншылары
Аргентинада футболшыларға құрмет көрсетуде. Видеодан кадр: футболшыларға құрмет

Телеарна мәліметінше, ел азаматтары барлық маңызды оқиғаны дәстүрлі түрде дәл сол жерде атап өтеді. Аргентина үкіметі осы айтулы шараға орай сейсенбіні демалыс күні деп жариялаған.

Аргентинадағы "футбол мейрамын" жергілікті телеарналар, әлемдік спорт арналары көрсетуде.

Айта кетейік, Аргентина араға 36 жыл салып футболдан үшінші рет әлем чемпионы атанды. Соңғы рет олар әлем кубогын 1986 жылы Мексикада жеңіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2002279-argentina-xalqy-futboldan-alem-cempiondaryn-qalai-qarsy-aldy-video/

pixel