Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстанда белгісіз дерт таралып, екі бала көз жұмды

Опубликовано:

Ауғанстан
Ауғанстан қаласы. Көрнекі фото: pixabay.com

Ауғанстандағы Забуль провинциясында белгісіз дерттен екі бала көз жұмып, 80-ге жуық адам ауру жұқтырған. Бұл туралы Twitter-де Tolo News телеарнасы хабарлады.

Телеарна ұсынған мәліметтерге сәйкес, аурудың негізгі белгілері – жоғары температура және мұрыннан қан кету.

"Забуль провинциясының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Абдул Хакими Шахджой округінде аурудың негізгі белгілері жоғары температура мен мұрыннан қан кету болып табылатын, белгісіз дерттің таралып жатқанын хабарлады. Ол бүгінде аталған ауруды 80-ге жуық адам жұқтырғанын және екі баланың көз жұмғанын айтады", - деп жазылған хабарламада.

Еуроодақтың баспана іздеу жөніндегі агенттігінің (EUAA) ресми сайтында, Забуль провинциясы Ауғанстанның оңтүстік аумағында орналасқандығы әрі оның 11 ауданға бөлінгендігі жазылған.

Провинцияда шамамен 384 мың адам тұрады.

Сондай-ақ провинция Кандагар, Урузган, Газни, Пактика, және Пәкістанмен шектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2002360-auganstanda-belgisiz-dert-taralyp-eki-bala-koz-zumdy/

pixel