Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапонияда бір аптаға жуық жауған қар салдарынан 8 адам қаза тапты

Опубликовано:

Жедел жәрдем қызметкері
Жедел жәрдем қызметкері. Фото: Рexels.com

Жапонияда бір аптаға жуық жауған қалың қар салдарынан бірнеше адам қаза тауып, тағы ондаған адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Жапонияның Ішкі істер министрлігі елде өткен аптаның соңынан бері жауған қалың қар салдарынан сегіз адам қаза тауып, 45 адам зардап шеккенін мәлім еткен.

Басылым қайтыс болғандардың арасында жастар да, қарт адамдар да барын атап өтті. Мысалы, 80 жастағы қария үстіне шатырдан қар түсіп, мерт болған. Сондай-ақ қар басып қалған көліктен 20 жастағы қыз өлі күйінде табылған. Алдын ала мәлімет бойынша ол көліктің сөндіргіші қармен бітеліп қалған кезде иіс тиіп, уланып қалған болуы мүмкін.

Зардап шеккендердің біразы ауыр жарақаттар яғни, сынық жарақаттарын алған.

Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты елде жол апатының саны да күрт өсіп, әуежайларда рейстер тоқтатылған.

Ал аптаның басында қалың қардың салдарынан Жапонияда кем дегенде 16 мың үй жарықсыз қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2002793-zaponiyada-bir-aptaga-zuyq-zaugan-qar-saldarynan-8-adam-qaza-tapty/

pixel