Парижде ер адам оқ жаудырып, бірнеше адамды жаралады
Опубликовано:

Франция астанасында 60 жастағы ер адам көшедегі адамдарға оқ жаудырды. Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости BFMTV арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Париждің 10-ауданындағы көшелердің бірінде орын алған.
Атыс салдарынан алты адам жарақат алған, олардың біреуінің жағдайы ауыр. Полиция 60 жастағы оқ атқан адамды ұстады. Оның әрекетінің себептері анықталуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2002842-parizde-er-adam-oq-zaudyryp-birnese-adamdy-zaralady/