Париждегі атыс кезінде қаза тапқандар саны үш адамға жетті
Опубликовано:

Франция астанасының орталығында қарулы адамның оқ атуынан қаза тапқандар саны үшке жетіп, тағы төртеуі жараланды, деп хабарлайды BBC.
Басылымның мәліметінше, ер адам былтыр да тергеуде болған. Оған мигранттар лагеріне қылышпен шабуыл жасады деген айып тағылған.
Париж мэрі Александра Кордебард атыс кезінде күдіктінің де жараланғанын және үш жерде атыс болғанын айтты: күрдтердің қоғамдық орталығы, мейрамхана және шаштаразда атыс болған.
Төрт адам зардап шекті, оның екеуі ауыр халде екені айтылған.
Полицейлер еш қарсылықсыз күдіктіні ұстап үлгерген. Атыс кезінде қолданылған қару тәркіленді.
Францияның ішкі істер министрі Жеральд Дарманин оқиға орнына Парижге бара жатқанын айтты.
Еске салайық, бүгін, 23 желтоқсанда Парижде 69 жастағы ер адам күрдтер орталығынан алыс емес Энхиен көшесінде адамдарға оқ жаудырған. Полицейлер атыстың себебін анықтауда. Оқиға болған аумақ қоршауға алынды, қала тұрғындарын оған жақындамауға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2002869-parizdegi-atys-kezinde-qaza-tapqandar-sany-us-adamga-zetti/