Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде жеке қарттар үйінде 20 адам өртеніп кетті (видео)

Опубликовано:

Кемероводағы қарттар үйіндегі өрт
Өрт. Видеодан кадр: Telegram/mchs_official

Кемеровода жеке қарттар үйінен өрт шықты. Салдарынан 20 адам қаза тапты. Оқиға орнынан алынған ақпарат пен видео Ресей ТЖМ ресми Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кемеровода жеке қарттар үйінен өрт шықты. Салдарынан 20 адам қаза тапты. Оқиға орнынан алынған ақпарат пен видео Ресей ТЖМ ресми Telegram-арнасында жарияланды. Ведомствоның мәліметінше, бірінші бөлімшелер келген кезде ғимараттың терезелері мен төбесі қызыл жалынға оранған. Құтқарушылар адамдарды іздеп, өртті сөндіруге кіріседі.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы 180 шаршы метр. Оқыс оқиға салдарынан 20 адам қаза тапты. Өрт сөндірілді. Таңертең үйіндіні талдау жұмыстары аяқталды.

Ресей Федерациясының Тергеу комитеті өзінің ресми Telegram арнасында хабарлағандай, 24 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 3:30-да болған өрт фактісі бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 109-баптың 3-бөлігі ("Абайсызда екі немесе одан да көп адам өліміне әкеп соғу"), 293-баптың 3-бөлігі ("Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған немқұрайлылық") және 238-баптың 3-бөлігі ("Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызметтерді көрсету") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Үй-жайдың иесі анықталуда. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2002899-reseide-zeke-qarttar-uiinde-20-adam-ortenip-ketti-video/

pixel