Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аргентина халқының басым бөлігі Мессидің президент болғанын қалайды

Опубликовано:

Лионель Месси Әлем чемпионатының кубогымен
Лионель Месси Әлем чемпионатының кубогымен. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Аргентинада сауалнамаға қатысушылардың жартысына жуығы ел құрамасының жарық жұлдызы Лионель Мессиге президенттік сайлауда дауыс беруге дайын екендіктерін жеткізген, деп хабарлайды matchtv.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, 35 жастағы футболшыға респонденттердің 43,7 пайызы дауыс берген.

Ал оның кандидатурасына қарсы болғандардың саны 37,8 пайызды құраған. Сол сияқты респонденттердің 17,5 пайызы "мүмкін" деген жауап нұсқасын таңдаса, жауап беруді қиын санағандар саны 1 пайызды құраған.

Басылым ұсынған мәліметтерге сай, сауалнамаға барлығы 2500 адам қатысқан.

Еске сала кетейік, Катарда өткен футболдан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы Франциядан басым түскен еді. Осылайша матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталып, қос құрама қосымша уақытта бір голдан салған болатын.

Десе де атақты Марадоннаның отандастары пенальтиде Франция құрамысынан басым түсіп, аргентиналықтар футболдан әлем чемпионы атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2003531-argentina-xalqynyn-basym-boligi-messidin-prezident-bolganyn-qalaidy/

pixel