Top.Mail.Ru

Зектілері

"Көшпенділер стилінде": Блогер әйгілі брендтің Швейцарияда орналасқан киіз үй үлгісіндегі дүкенін көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Швейцария
Әйгілі брендтің киіз үй үлгісіндегі бутигі. Видеодан кадр: instagram.com/adilet_nogoibaev_

Әлеуметтік желіде Швейцариядағы киіз үй үлгісінде жасалған әйгілі Louis Vuitton брендінің сәнді бутигі туралы ақпарат тарады. Қырғыз блогері танымал курортта болып, сәнді бутик орналасқан ғимараттың ішін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы бірқатар қазақстандық БАҚ та жазған еді. Қырғыз блогері Әділет Ноғойбаев анықтағандай, Louis Vuitton брендінің Швейцария таулы аймағындағы Сент-Морис курортында расында да көшпенділердің киіз үйі үлгісіндегі бутик жұмыс істеп тұр.

"Бұл нағыз киіз үй. Негізі мұнда кіру үшін алдын ала жазылып қою керек екен. Бірақ менің көшпенді халық ұрпағы, Қырғызстаннан екенімді білген соң кіруге рұқсат берді. Бұл киіз үйді желіден алғаш көргенде, Швейцарияға қалай да баруым керек деп ойладым. Киіз үй шынында да сәнді екен. Мұнда арнайы фотоға түсу үшін туристер көп келеді. Көшпенділер стилі - қазір сәнде", - дейді блогер.

Блогер ғимараттың көшпенділер баспанасына қатты ұқсайтынын және қар басқан таудың баурайында брендті киіз үйдің әдемі көрінетінін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2003851-kospendiler-stilinde-bloger-aigili-brendtin-kiiz-ui-ulgisindegi-sveicariyada-ornalasqan-dukenin-korsetti-video/