Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы Рим Папасы Бенедикт XVI қайтыс болды

Опубликовано:

Рим папасы
Рим папасы. Фото: Ақорда

95 жастағы Рим Папасы Бенедикт XVI (Йозеф Алоиз Ратцингер) қайтыс болды. Суыт хабарды Қасиетті Тақтың баспасөз қызметінің жетекшісі Маттео Бруни мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Рим Папасы құрметті Бенедикт XVI бүгін сағат 09:34-те Ватикандағы Mater Ecclesiae монастырінде қайтыс болғанын қайғыра отырып хабарлаймын", – деді ол.

Бенедикт XVI (Йозеф Алоиз Ратцингер) 2005 жылдың сәуірінен 2013 жылдың ақпанына дейін Апостол тағында болды. Ол 265-ші Рим Папасы және Рим Папасы Клемент XII-ден (1730 жылы сайланған) кейін сайланған ең қарт апостол ретінде белгілі.

2013 жылдың 11 ақпанындағы консисторияда Бенедикт XVI күтпеген жерден тақтан бас тарту туралы шешімін жариялады. Содан бері ол Ватикан бағындағы Mater Ecclesiae шағын монастырында тұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2003871-buryngy-rim-papasy-benedikt-xvi-qaitys-boldy/

pixel