Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірқатар ел Қытайдан келетін туристер үшін коронавирусқа тест енгізді

Опубликовано:

Сынамалар
Көрнекі фото: Amilcar Orfali/Getty Images

Англия, Франция, Испания және бірнеше ел Қытайда коронавирустың жаңа толқынының басталуына алаңдап, осы елден келген әуе жолаушылары үшін тест тапсыруды міндеттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ВВС сайтына сілтеме жасаған ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль мен Оңтүстік Корея да қытайлықтар үшін ковид шектеулерін қайтаратынын жариялаған.

Бұған дейін АҚШ, Үндістан және Италия Қытайдан келген жолаушыларға тестті қайта қолға алған еді.

Ұлыбритания тестті 8 қаңтардан бастап енгізеді. Ел үкіметі Қытайдан түскен эпидемиологиялық ақпараттың жетіспеуінен осындай шешім қабылдауға мәжбүр болған. Тестті тек Англия әуежайларында көрсету қажет, алайда қазіргі таңда Қытайдан Шотландия, Уэльс немесе Солтүстік Ирландияға тікелей рейс жоқ.

Франция Қытайдан келген әуе жолаушыларынан ұшудан 48 сағат бұрын жасалған коронавирус тестін талап етеді.

Ал Испания вакцинаны толық алған қытайлықтарға елге тестсіз кіруге рұқсат етті.

Италия мен Испания болса, жолаушылар елге келген бойда әуежайда вирусқа сынама алады.

Франция мен Испания пандемиялық шектеулерді қашан қайтаратынын нақтыламады.

Қытай үкіметі күн сайын бес мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып жатқанын хабарлады, бірақ көптеген талдаушылар бұл санның төмендетілгенін, шындығында жаңа жағдайлар көрсеткіші миллионға жетеді деп есептейді.

Германия, Аустралия мен Португалия жаңа антивирус шаралары әзірге енгізілмейтінін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2003876-birqatar-el-qytaidan-keletin-turister-usin-koronavirusqa-test-engizdi/

pixel