Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Якутияда -60 градус аяз тіркелді

Опубликовано:

аязды күн
Аязды күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Якутияның Оймякон елдімекенінде 11 қаңтар күні таңертең -60 градус аяз тіркелген. Бұл туралы ТАСС агенттігі Якутияның гидрометеорология және қоршаған ортаға мониторинг жүргізу басқармасының Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, сәрсенбіде термометр бағаны Мәскеу уақыты бойынша 00:00-де Оймяконда -60 градусты көрсеткен.

Ал Оймякон ауданының орталығы Усть-Нера ауылында ауа температурасы -58 градусқа дейін төмендеген.

"Бірер күн бұрын -60 градус және одан төмен ауа температурасы тіркелген Якутияның Оленек ауданындағы бақылау нүктелерінде термометр бағаны -56 (Жилинда) және -52 градусты (Оленёк) көрсетіп тұр", - деп жазады агенттік.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер ел аумағында алдағы күндері -41-43 градусқа дейін аяз күтілетінін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2005024-yakutiyada-60-gradus-ayaz-tirkeldi/

pixel