Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грекияның соңғы королі II Константин өмірден өтті

Опубликовано:

II Константин. Фото
II Константин. Фото: lenta.ru

Грекияның соңғы королі II Константин өмірден озды. Бұл туралы Associated Press басылымы хабарлайды.

Lenta.ru басылымының хабарлауынша, монарх Афины қаласындағы жекеменшік ауруханалардың бірінде, реанимацияда 83 жасқа қараған шағында өмірден өткен. Сондай-ақ корольден COVID-19 анықталғаны белгілі болды.

II Константин таққа 1964 жылы 23 жасында келген болатын. Таққа тағайындалмастан бұрын, ол халық арасында кеңінен танымал болды, алайда таққа отырарда сол кездерде мәлім болған саяси алаяқтықтың кесірінен оның ел алдындағы беделі түсіп кеткен еді. Нәтижесінде 1967 жылы Грекияда әскери төңкеріс болып, корольге елден қашуға тура келді.

Осылайша әскери диктатура 1973 жылы елдегі монархияны алып тастап, келесі жылы ел тұрғындары референдумда басқарудың демократиялық түрін таңдады. Осыдан кейін II Константин еліне қысқа мерзімге тек бірнеше рет келген, алайда ол Отанына тек егде жасқа қараған шағында ғана толығымен көшіп бара алған.

Айта кетейік, II Константин 1940 жылы Афиныда II Георг патша мен Федерика Ганноверская ханшайымының кіші інісі Павел ханзаданың отбасында дүниеге келген. Оның үлкен әпкесі София - Испанияның бұрынғы королі І Хуан Карлостың әйелі. Ал марқұм ІІ Елизаветаның күйеуі II Филипп оның ағасы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2005067-grekiyanyn-songy-koroli-ii-konstantin-omirden-otti/

pixel