jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Қытайда химия зауытында жарылыс болды: құрбандар бар (видео)

Қытайдағы химиялық зауытта шыққан өрт
Химиялық зауыттағы өрт. Видеодан кадр: Тwitter.com/nexta_tv

Қытайдың Ляонин провинциясы Паньцзинь ауданында химия зауытында жексенбі, 15 қаңтар күні күшті жарылыс болды. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

БАҚ-тың хабарлауынша, Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясындағы химия зауытында жарылыс пен өрт болып, екі адам қаза тапты, 34 адам жарақат алды.

"Алдын ала мәлімет бойынша екі адам қаза тапты, 12 адам із-түзсіз жоғалды, төрт адам ауыр, 30 адам жеңіл жарақат алды", – деп хабарлады жергілікті БАҚ.

РБК жарылыс алкилдеу қондырғысына қызмет көрсету кезінде (органикалық қосылыс молекуласына алкил алмастырғышты қосу нәтижесінде пайда болатын химиялық реакция) болғанын хабарлайды. Алкилдеу өнеркәсіпте және мұнай өңдеу өнеркәсібінде қолданылады.

Үйі зауыттың жанында орналасқан жергілікті тұрғынның қытайлық басылымға айтуынша, жарылыс кезінде қатты гуілдеген дыбыс естіген, содан кейін үйінің терезелері жарылған, деп хабарлайды РИА Новости. Ол сондай-ақ оқиға болған жерде қалың түтін бағанасын көргенін айтты.

Қытайда химия зауытында жарылыс болды: құрбандар бар (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.