"Бриджертон" сериалының жұлдызы әлемдегі ең сымбатты ер адам атанды
Опубликовано:

Лондондағы косметикалық және пластикалық хирургия орталығының жетекшісі, дәрігер Джулиан Де Сильва британдық актерді әлемдегі ең сымбатты ер адам деп атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Metro басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маманның сөзінше, "Бриджертон" сериалының 34 жастағы жұлдызының бет-әлпеті мінсіз келбетке 93,65 пайызға жақын.
Де Сильваның айтуынша, актердің әсіресе қоңыр түсті көздері ерекше әдемі.
"Оның ернінің де пішіні мінсіз. Сәл төмен ұпай алған беттің жалғыз бөлігі – мұрны ғана", – дейді Де Сильва.
Дәрігер әлемдегі ең сымбатты ерлердің рейтингінде екінші орынға австралиялық актер Крис Хемсвортты лайық деп тапқан. Оның бет-әлпеті мінсіз келбетке 93,53 пайыз жақын.
Үшінші орында америкалық актер Майкл Би Джордан тұр. Оның бет-әлпеті мінсіз келбетке 93,46 пайыз жақын.

Рейтингтегі төртінші орын британдық әнші Гарри Стайлске бұйырған. Оның бет-әлпеті мінсіз келбетке 92,30 пайыз жақын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2006919-britandyq-dariger-alemdegi-en-symbatty-er-adamdy-atady-foto/