jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Әзербайжан Ирандағы елшілігінің жұмысын тоқтатты

Тегерандағы Әзербайжан елшілігі
Тегерандағы Әзербайжан елшілігі. Фото: AFP/Getty Images

Тегерандағы Әзербайжан дипломатиялық миссиясы өз қызметін толығымен тоқтатты, елшіліктің барлық қызметкерлері эвакуацияланды. Бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Біз елшіліктің дипломатиялық қызметін толығымен тоқтаттық. Елшіліктің әкімшілік ғимараты мен мүлкін күзетуге байланысты бес адам сонда қалды, елшілікте қалғандар дипломатиялық қызметпен айналыспайды", – дейді басылым Халафовтың сөзін келтіріп.

Еске салсақ, 27 қаңтар күні Иран астанасында Әзербайжан елшілігіне қарулы шабуыл жасалған болатын. Оқиға салдарынан елшіліктің қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тауып, тағы екі қызметкер жарақат алды.

Кейін Иран полициясы, алдын ала болжам бойынша, қарулы адамның Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасауына жеке және отбасылық мәселелер себеп болғанын хабарлады.

Әзербайжан Ирандағы елшілігінің жұмысын тоқтатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.