Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда жер сілкінісі кезінде ғимараттардың жаппай қирауының себебі айтылды

Опубликовано:

Түркиядағы жер сілкінісінен кейінгі жағдай
Түркияда зілзаладан қираған ғимараттар. Фото: Umit Turhan Coskun/NurPhoto/Getty Images

Түркияның қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі Мурат Курум жер сілкінісі кезінде елдегі көптеген ғимараттың қирауына не себеп болғанын айтты. Оның сөздерін Yeni Shafak түрік басылымы келтірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түрік шенеунігінің хабарлауынша, жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттардың 98 пайызы 1999 жылға дейін салынған.

Сол жылы тамыз айында Түркияның Измит қаласында Мәрмәр теңізі аймағында қатты жер сілкінісі болып, содан кейін билік сейсмикалық қауіпті аймақтардағы құрылысқа қатысты ережені қатаңдатқан.

Мурат Курумның айтуынша, ғимараттың дені топыраққа қатысты проблемалардың болуына, топырақтың сейілуіне, сондай-ақ инженерлік коммуникациялардың болмауына байланысты қираған.

Ол қатты бүлінген ғимараттар сүрілетінін айтты.

"Афтершок әлі де жалғасуда. Біз Газиантептегі залалды бағалаудың көп бөлігін үш күн ішінде, ал Түркиядағы залалды бағалауды бір апта ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз", – дейді министр.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінен шамамен 13,5 миллион адам тұратын Түркияның 10 провинциясы зардап шекті. Зілзала көршілес Сирия мемлекетіне де әсер етті.

Соңғы мәліметтер бойынша Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 40 мыңнан асқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009517-turkiyada-zer-silkinisi-kezinde-gimarattardyn-zappai-qulauynyn-sebebi-aityldy/

pixel