Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Той көйлегін әйгілі Dior сән үйі тіккен": тұрмысқа шыққан Иордания ханшайымының тойы телеарнадан көрсетілді

Опубликовано:

Иман ханшайым жұбайы Джимми Термиотиспен
Иман ханшайым жұбайы Джимми Термиотиспен. Фото: instagram.com/queenrania

Иордания королі II Абдалла мен патшайым Ранияның үлкен қызы, 26 жастағы Иман ханшайым венесуэлалық кәсіпкерге тұрмысқа шықты. Қалыңдыққа той көйлегін әйгілі Dior сән үйі тіккен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24 showbiz порталына cілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, үйлену тойын Jordan TV News телеарнасы тікелей эфирде көрсеткен.

Айта кетейік, Иордания ханшайымы былтыр 5 шілдеде сүйіктісіне тұрмысқа шығуға келісім берген болатын. Иманның жүрегін жаулаған жігіттің есімі - Джамиль Александр Термиотис. Ол - венесуэлалық кәсіпкер. Инвестициямен айналысады және Нью-Йорк венчурлық қорында басқарушы серіктес болып жұмыс істейді.

Үйлену тойына корольдің отбасы мүшелері, достары мен құрметті қонақтар қатысқан. Қалыңдықты көпшіліктің ортасына ағасы мұрагер ханзада Хусейн бин Абдулла алып шыққан.

Сонымен қатар тойда неке туралы құжатқа қол қойылғаннан кейін Құран оқылған.

Сондай-ақ Рания патшайым Instagram-дағы парақшасында қызын жаңа өмірге қадам басуымен құттықтап, тойда түскен суреттерін бөлісті.

"Иман, бізге сансыз қуаныш, махаббат пен күлкі сыйлағаныңдай, өміріңнің келесі кезеңі де соншалықты қуаныш әкелсін деп дұға етемін. Күйеу жігіт пен қалыңдықты құттықтаймыз!", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Иман ханшайымның той көйлегін Dior сәні үйі тіккен. Ханшайым образын бағалы диадемамен және ұзын фатамен толықтырған.

Ал Рания патшайым қызының тойына Dior-дың 2022 жылғы күзгі-қысқы топтамасындағы көйлекті таңдаған. Иманның 22 жастағы сіңлісі Салма болса Andrew Gn фирмасының белдігі бар фуксия көйлегін киген.

Жалпы, Иман ханшайым Вашингтондағы Джорджтаун университетінде білім алып, оқудан кейін Иорданияға оралған. Ол ата-анасымен бірге ресми іс-шараларға жиі қатысып, бала кезінен көпшілік алдында шығып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2012781-toi-koilegin-aigili-dior-san-uii-tikken-iordaniya-korolinin-qyzy-turmysqa-syqty-foto/

pixel