jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Путин зардап шекпеген: Ресей Кремльге шабуыл жасалғанын мәлімдеді (видео)

Кремль
Кремльге шабуыл. Видеодан кадр: @worldprotest

Бүгін түнде Кремльге соққы беру әрекеті жасалған. Бұл туралы РИА Новости-дің Кремльдегі пулы Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Бүгін түнде Кремльге ұшқышсыз ұшу аппараттарымен соққы беру әрекеті жасалды. Теракт салдарынан ұшқышсыз ұшақтар істен шықты, президент зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.

Екі ұшқышсыз ұшу аппараты Кремльге бағытталғаны атап өтілді.

"Кремль бұл әрекеттерді жоспарланған лаңкестік әрекет және Жеңіс күні, 9 мамыр парады қарсаңында президентке жасалған қастандық деп бағалады" , - деп қосты журналистер.

Шабуыл салдарынан Ресей басшысы Владимир Путин зардап шекпегені, оның жұмыс кестесі өзгеріссіз қалғаны айтылды.

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков РИА Новостиге Путин ұшқышсыз ұшақ шабуылы кезінде Кремльде болмағанын, бүгін ол Мәскеу түбіндегі Ново-Огареводағы резиденциясында жұмыс істеп жатқанын айтты. Кремль өкілі 9 мамырда Қызыл алаңда парад өткізу жоспары әлі де сақталатынын хабарлады.

"Соседи. Якиманка-Замоскворечье" Telegram-арнасы тарсыл найзағайдың жарқылына ұқсайтынын хабарлады. Сондай-ақ жағалаудағы үй тұрғындары тарсылдан кейін аспандағы ұшқындарды және Кремль жанында қол шамдары бар адамдарды көрген.

Путин зардап шекпеген: Ресей Кремльге шабуыл жасалғанын мәлімдеді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.