Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы президент сайлауы: алдын ала болжам бойынша Ердоған бірінші орында

Опубликовано:

Түркиядағы президент сайлауы
Түркиядағы президент сайлауы. Фото: Yavuz Ozden / dia images via Getty Images

Түркияда 14 мамырда өткен президент сайлауынан кейін дауыс санау аяқталуда. Сайлау нәтижесі бойынша қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған көш бастап тұр, бірақ ол әлі 50 пайыз дауыс жинаған жоқ.

Anadolu агенттігі жариялаған бейресми мәліметтерге сәйкес, қазірдің өзінде дауыстың 96,89 пайызы саналып біткен. Алдын ала болжам бойынша сайлау нәтижесі мынадай:

  • қазіргі президент Режеп Тайип Ердоған - 49,39 пайыз;
  • оппозиция кандидаты Кемал Кылычдароглу - 44,92 пайыз;
  • "Ататүрікшілер альянсы" үміткері Синан Оган - 5,25 пайыз.

Айта кетейік, егер кандидаттардың ешқайсысы 50 пайыз дауыс жинай алмаса, онда екі аптадан кейін 28 мамырда сайлаудың екінші туры өтеді.

Сонымен қатар Түркияның turknws telegram арнасының хабарлауынша, президенттік сайлаудан бас тартқан төртінші үміткер Мухаррем Инжеге 220 мың адам (0,5 пайыз) дауыс берген. Бұл бюллетеньдер қалған үш кандидат арасында қайта бөлінеді.

Түркиядағы президент сайлауы бойынша алдын ала мәлімет
Түркиядағы президент сайлауы бойынша алдын ала мәлімет: secim.aa.com.tr

Еске салайық, кеше, 14 мамырда Түркияда президент сайлауы басталды. Cайлау 2023 жылдың маусымында өтеді деп жоспарланған, бірақ 23 қаңтарда Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайип Ердоған елдегі сайлау 14 мамырға белгіленгенін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2020507-turkiyadagy-prezident-sailauy-dauystyn-97-paiyzy-sanaldy-zane-sailaudyn-ekinsi-tury-otui-mumkin/

pixel