"Ол Беларусь аймағында жоқ": Лукашенко Евгений Пригожиннің тұратын жеріне қатысты сұраққа жауап берді
Жарияланған күні:
Беларусь президенті Александр Лукашенко БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіп, "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин туралы айтты. Бұл туралы "Пул первого" Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Бұл ресейлік компания. Сондықтан бұл сұрақ маған арналмаған. Менің білуімше, жауынгерлер өз лагерлерінде. Пригожинге келер болсақ, ол Питерде. Ол Беларусь аймағында жоқ", - деді Лукашенко.
Сондай-ақ Беларусь президенті ел аумағында Вагнер әскерін орналастыруға қатысты ойын айтты.
"Бізде қандай да бір мөлшердегі жауынгерлердің орналасатыны мені еш алаңдатпайды. Оларды іске қосу керек болса, біз лезде қосамыз. Олардың майданнан жиған білімдерін қарап, дайындық үшін қолданамыз", - деді Лукашенко.
Еске салайық, 24 маусымға қараған түні Ресей "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожиннің қарулы көтеріліс бастағанын мәлімдеген еді.
Владимир Путин бұл жайтқа қатысты үндеу жасады. Ол болып жатқан жағдайды сатқындық деп атады.
Кейін тараптар дауды тоқтатты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2027778-ol-belarus-aimagynda-zoq-lukasenko-evgenii-prigozinnin-turatyn-zerine-qatysty-suraqqa-zauap-berdi/