Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

"Менің тәнім — менің таңдауым". Францияда түсік жасату құқығы конституцияда бекітілмек

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тұғырда ілініп тұрған ту
Франция туы. Көрнекі фото: pixabay.com

Франция парламентінің жоғарғы палатасы — сенаттағылардың басым бөлігі әйелдердің түсік жасату құқығын ел конституциясында бекітуді қолдап дауыс берді.

Бұған дейін төменгі палата мақұлдаған ұсыныс сәрсенбіде қолдау тапты: 267 сенатор жақтап дауыс берді, 50-і қарсы болды.

Францияда 1974 жылдан бері түсік жасатуға рұқсат берілген, бірақ кейінгі уақытта бұл құқықты заң жүзінде бекітуге үндеулер көбейген.

Франция президенті Эмманюэль Макрон дүйсенбіге арнайы қайта дауыс беруді бекіткен. Сол күні Франция парламентінің қос палатасы Версальда бас қосады.

Егер бірлескен отырыста конституциялық түзетуді франциялық заң шығарушылардың кемінде бестен үші мақұлдаса, оны референдумға шығарудың қажеті болмайды.

Ifop қоғам пікірін білу мақсатында 2022 жылдың қарашасында Ұлттық ассамблея заңға дауыс берген кезде сауалнама жүргізген, сауалнамаға қатысқандардың 86 пайызы түзетуді қолдаған.

X әлеуметтік желісінде жарияланған пікірінде Макрон әйелдердің түсік жасату бостандығын конституцияға енгізу арқылы "ауыстыруға болмайтындай" етуді көздейтінін жазды.

Әділет министрі Эрик Дюпон-Моретти дауыс беру нәтижелерін баяндай келе, әйелдері өз тәніне қатысты шешімді өзі қабылдайтын "конституциясында әйелдер бостандығын қорғайтын әлемдегі бірінші ел" атанатын "тарихи күнге" жақындап қалғанын айтты.

Бірнеше консервативті сенатор Франс Пресске түзетуді мақұлдауға қысым жасалғанын айтты.

"Егер мен қарсы дауыс берсем, қыздарым бұдан былай Рождество мерекесіне келмейді", - деді атын атамауды өтінген әйел.

Америка Құрама Штаттарында 2022 жылдың маусымында Жоғарғы сот жүктілікті тоқтатудың жалпыұлттық құқығынан бас тартқаннан кейін түсік жасату турсындағы пікірталастар толастар емес.

Республикашылдар билік ететін АҚШ штаттары түсік жасатуды шектейтін заң жобаларын белсенді түрде жалғастырып жатыр. Демократтар мұндай шектеулерге дәстүрлі түрде қарсылық білдіріп келеді.

Польшаның Конституциялық соты 2020 жылы елде түсік жасатуға толықтай дерлік тыйым салуды енгізді. Енді түсік жасатуға тек зорлау немесе туыстық қатынас жағдайында немесе жүктілік ананың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2063785-menin-tanim-menin-tandauym-franciyada-tusik-zasatu-quqygy-konstituciyada-bekitilmek/