Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иран президентінің қазасы: апаттың ықтимал себебі айтылды

Жарияланған күні:

Иран президенті Ибрахим Раиси
Ибрахим Раиси. Фото: Per-Anders Pettersson / Getty Images

Түрлі елдердің басшылары Иран президенті Ибрахим Раисидің ұшақ апатынан қаза табуына байланысты ел халқына көңіл айтып жатыр. Сарапшы қайғылы оқиғаның ықтимал себептерін атады.

Иран президенті Ибрахим Раиси жексенбіде Шығыс Әзербайжанда (Иран провинциясы) тікұшақ апатынан қаза тапты. Оның жанында елдің сыртқы істер министрі және басқа да ресми тұлғалар болған. Раисидің кортежінде үш тікұшақ болған. Екеуі жерге сәтті қонған.

Иран басшысы 19 мамырда таңғы уақытта Әзербайжан президенті Илхам Алиевпен кездескен. Олар трансшекаралық Аракс өзенінде Гыз-Каласы бөгетін ашқан.

РИА Новостиге авиация сарапшысы Владимир Шабриннің айтуынша, апат техникалық ақау немесе адам факторы салдарынан болуы мүмкін.

"Үш тікұшақтың екеуі ұшып жеткен, демек аман жетуге болатын еді. Видеода таулы аймақ екенін көруге болады, сонымен қатар тұман түскені айтылды. (Апаттың себебі – ред. ескертпесі) адам факторы не техникалық ақау болуы мүмкін", - деді Шабрин.

Уақытша Иран президентінің өкілеттігі Раисидің бірінші орынбасары, вице-президент Мохаммад Мохберге берілді.

Сонымен қатар, синоптиктердің мәліметінше, қайғылы оқиға болған ауданда күн бұлттанып, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауған.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Ибрахим Раисидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Тікұшақ апаты салдарынан Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раиси мен оның сенімді серіктерінің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Ибрахим Раиси – Иран мемлекеті мен халқының әл-ауқатын арттыруға, мүддесінің мұқалмауына, аймақтағы тұрақтылықты сақтауға өз өмірін риясыз арнаған көрнекті мемлекеттік қайраткер. Оның қолға алған бастамалары мен жетістіктері халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланғаны баршаға мәлім.

Қазақстандықтар Ибрахим Раисиді парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайды. Марқұмдардың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын", - деп жазылған жеделхатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2103647-iran-prezidentining-qazasy-apattyng-yqtimal-sebebi-aityldy/