Үндістанда 179 жолаушысы бар ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін отқа оранды (видео)
Жарияланған күні:
Үндістанда бортында 179 жолаушысы бар Airbus A320 Air India Express ұшағынан өрт шықты. Бұл туралы Times of India басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, ұшақ Бангалордан Кочиге бет алған. Ұшып шыққаннан кейін шамамен 10 минут өткенде қозғалтқыштардың бірі отқа оранды. Ұшақ ұшып шыққан әуежайға оралып, шұғыл қонды. Барлық жолаушылар эвакуацияланған.
Айта кетейік, бұл Air India бортында соңғы бірнеше күндегі екінші өрт оқиғасы. 17 мамырда тасымалдаушының Бангалорға бет алған ұшақтарының бірі бортындағы өрт туралы ескертуден кейін Делиге оралған.
Әуекомпания соңғы төтенше жағдайға түсініктеме бере отырып, оқиға салдарынан жолаушылар зардап шекпегенін мәлімдеді.
"Өрттің себебін анықтау үшін құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жан-жақты тексеру жүргізіледі", - деді компания өкілдері.
Ал Бангалор әуежайының өкілі "толық ауқымды төтенше жағдай жарияланып, қонған кезде өрт тез сөндірілді" деді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2104053-undistanda-179-zholaushysy-bar-ushaq-auege-koterilgennen-keiin-otqa-orandy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.