jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Түркияны тағы да орман өрті шарпыды: қызыл жалын елді мекендерге жетті (видео)

Өрт. Фото
Өрт. Фото: www.odatv.com

Түркияның Измир провинциясында ормандарды өрт шарпыды. Жел салдарынан тілсіз жау елді мекендерге дейін жеткен. Өртті сөндіруге ұшақтар мен тікұшақтар тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

A Haber телеарнасының хабарлауынша, бейсенбі күні түстен кейін Измир провинциясының ормандарында өрт шыққан. Бұл жайт халықаралық әуежай жұмысына да кедергі келтірген.

Желдің әсерінен өрт елді мекендерге жеткені хабарланып, өртті сөндіруге ұшақтар мен тікұшақтар тартылды.

"Измирдегі Газиемир және Бука аудандары арасындағы орман өртін сөндіруге 7 ұшақ, 16 тікұшақ, 35 жерүсті көлігі, 11 сумен қамтамасыз ету көлігі, төрт бульдозер, төрт жер бригадасы және көптеген өрт сөндіруші жіберілді", - деп хабарлады телеарна.

CNN Türk телеарнасы өрт жақындаған сайын жергілікті тұрғындардың қой қораларын эвакуациялағанын хабарлады. Өрт үйлеріне жеткен соң көптеген тұрғындар өртті өздері сөндіруге мәжбүр болды.

Жергілікті омарташы ODATV телеарнасына 80-ге жуық ұяның өртеніп кеткенін, тек аз ғана ұяның аман қалғанын айтты.

Әлеуметтік желі қолданушылары ормандағы өрттің видеосы мен фотосуреттерін жариялауда.

Түркияны тағы да орман өрті шарпыды: қызыл жалын елді мекендерге жетті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.