jitsu gif
Саясат

    Желіде Қырғызстан президентінің қоқыс жинап жүрген видеосы тарады

    Садыр Жапаров. Фото
    Садыр Жапаров. Фото: instagram.com/sadyr_japarov

    Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың парақшасында республика басшысының табиғатты сақтауға шақырып, артынша қоқыс жинауға кіріскені бейнеленген видео жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Садыр Жапаров Instagram желісіндегі парақшасында жергілікті табиғаттың сұлулығына тамсанып тұрған видеосын жариялады. Сосын қоқыс салатын пакетті қолына алып, демалушылар тастап кеткен қоқысты жинай бастады.

    "Табиғатты аялайық, бір-бірімізді бақылап, тәрбиелейік, үлгі болайық. Бізге ешкім сырттан келіп, қоқыс жинап бермейді", - деді ол.

    "Егер жауапсыз адамдардың қоқыс тастап кеткенін көрсеңіз, оны да жинап алуыңызды сұраймын. Одан қолыңызға ауру жұғып қалмайды", - деді президент.

    Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға келген еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.