Ресейде қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:
Ресей Федерациясы қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары запастағы армия генералы Павел Попов Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 159-бабының 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Ресейдің тергеу комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, істі Ресей тергеу комитетінің бас әскери тергеу басқармасы қозғаған.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2021-2024 жылдары Попов "Патриот" саябағының дамуына, қызмет көрсетуіне және жұмысына жауап бере отырып, бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған саябақтың директоры Вячеслав Ахмедовпен және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің инновациялық даму бас басқармасы басшысының орынбасары Владимир Шестеровпен бірлесіп жұмыс істеген.
"Поповтың Мәскеу облысының Красногор ауданында орналасқан қала сыртындағы учаскесіне "Патриот" саябағы есебінен құрылыс-жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ әртүрлі материалдық құндылықтарды жеткізуді ұйымдастырғаны анықталды.
Сонымен қатар қарамағындағы қызметкерлері арқылы "Патриот" саябағымен шарттық қатынаста болған коммерциялық ұйымдардың басшыларын өз саяжайларында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп, ақшасын төлемей жүргізген.
Попов үйді салып, алаңды абаттандыру жұмыстарын жүргізгеннен кейін саябақ есебінен 3 гектарға жуық учаскесіне техникалық-экономикалық қызмет көрсетуді жалғастырды", - деп жазады басылым.
Тергеу іс-шаралары барысында Попов пен оның отбасы мүшелерінің үйлерінен бөлек Мәскеу қаласының, Мәскеу облысының және Краснодар өлкесінің беделді аудандарында көптеген жылжымайтын мүлікі бар екені анықталған. Бұл нысандардың жалпы құны 500 миллионнан астам рубльге бағаланған. Ресейдің тергеу комитеті бұл мүлікті сатып алудың заңдылығы қылмыстық іс аясында да тексерілетінін мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2155038-reseide-qorganys-ministrining-buryngy-orynbasarynyng-ustinen-qylmystyq-is-qozgaldy/