Ресей өңірлеріне жаппай шабуыл: Мәскеу маңында көпқабатты үйлерге дрон құлап, бір әйел қаза тапты
Жарияланған күні:
10 қыркүйекке қараған түні ресейлік тоғыз өңір украиналық дрондардың жаппай шабуылына ұшырады. Ресейдің Қорғаныс министрлігі 144 дрон атып түсірілгенін мәлімдеді. Ұшқышсыз ұшақтардың бірі Мәскеу маңындағы Раменский ауданында көпқабатты үйлердің біріне құлаған. Салдарынан бір әйел қаза тапты.
10 қыркүйекке қараған түні Брянск облысы Украинаның ең ауқымды шабуылына ұшырады, онда өткен түнде Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша 72 дрон атып түсірілген. Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, 20 дрон Мәскеу облысының аумағында, 14 Курск облысында, 13 Тула облысында, сегізі Белгород облысының аумағында, жетеуі Калуга облысының аумағында атып түсірілген. Сондай-ақ Воронеж облысының, Липецк және Орелде бірнеше дрон атып түсірілген.
Мәскеу маңындағы Раменский ауданында дрондардың бірі Спорт өткелінде көпқабатты үйге құлаған, салдарынан 11-12 қабаттағы бірнеше пәтерде өрт шыққан.
Украина тарабы 10 қыркүйекке қараған түнгі дрондардың жаппай шабуылы туралы хабарламаларға пікір білдірген жоқ.
Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьевтің айтуынша, дрон шабуылының салдарынан үй тұрғындарының бірі — 46 жастағы әйел қаза болған. Бастапқыда 9 жасар бала көз жұмғаны хабарланған еді, бірақ кейінірек бұл ақпарат расталмады. Бұл әйелдің бойы қысқа болғандықтан, оны бала деп қалғанымен түсіндірілді. Үйдің тағы үш тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.
Үйдегі 102 пәтердің 54-і зардап шекті, деп хабарлады Воробьев.
"Мұнда шамдар, бөлмелер арасындағы аралықтар және терезе саңылаулары зақымдалған. Тірек конструкциялары бүтін", - деп атап өтті Мәскеу облысының губернаторы.
Мәскеу облысындағы Кашир тасжолына да ұшқышсыз ұшақ құлады. Салдарынын таңертең Мәскеуге қарай магистраль бойымен қозғалыс жабылды. Домодедово басшысы Евгения Хрусталеваның айтуынша, дрон шабуылынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Сондай-ақ дрондардың шабуылы Мәскеу маңындағы Подольск, Люберцы және Коломнада тіркелді. Соған байланысты 10 қыркүйек таңға дейін Мәскеудің "Внуково", "Домодедово" және "Жуковский"әуежайының жұмысы шектелді. Әуежайлар рейстерді қабылдаған да, жіберген де жоқ.
Бұған қоса дрондар шабуылы қаупіне байланысты Қазан әуежайының жұмысы шектелді
Тула облысында дрон сынықтары отын-энергетикалық кешен нысандарының біріне құлады, деп хабарлады өңірлік қауіпсіздік министрлігінің баспасөз қызметі. Дрон шабуылынан ешкім зардап шекпегені де айтылады.
Брянск, Калуга, Воронеж және Липецк облыстарының билігі өз аймақтарында дрондардың шабуылынан ешкім зардап шекпегенін хабарлады. Дрондардың түнгі шабуылына ұшыраған басқа аймақтарда зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2159674-resei-ongirlerine-zhappai-shabuyl-maskeu-mangynda-kopqabatty-uilerge-dron-qulap-bir-aiel-qaza-tapty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.