Иранда шахтадағы жарылыстан 51 адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Иран шығысындағы көмір шахтасында метан жарылуынан кем дегенде 51 адам қаза тапты. Тағы бірнеше кенші іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ DW басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, жарылыс 21 қыркүйекте шамамен сағат 21:00-де Иран шығысындағы Оңтүстік Хорасан провинциясындағы шахтада болған.
Төтенше жағдай кезінде шахтада 69 адам болған.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, кем дегенде 51 адам қаза тапқан. Зардап шеккен тағы 17 адам ауруханаға жеткізілген.
Басылым ақпаратынша, шахта ішінде метанның жиналуы құтқару операциясын қиындатып жатыр.
Еске салсақ, Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы опырылған кен астында қалып, мерт болған еді. 32 жастағы марқұмның денесін кеніштен әріптестері алып шықты. Қазір еңбек инспекторлары тергеу жүргізіп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2164440-iranda-shahtadagy-zharylystan-51-adam-qaza-tapty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.