Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стамбұлға бет алған Turkish Airlines ұшқышы ұшақта көз жұмды

Жарияланған күні:

Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Сиэтлден Стамбұлға бет алған ұшақтың капитан ұшқышы ұшу кезінде есінен танып қалған. Экипаж шұғыл түрде Нью-Йоркке қонуға шешім қабылдады, алайда ұшақ жерге қонбай жатып ұшқыш қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы оқиға туралы ақпаратты Түрік әуе жолдарының баспасөз хатшысы Яхья Устун X әлеуметтік желісінде жариялады.

Ол Сиэтл – Стамбул рейсі кезінде капитан-ұшқыш Ильчехин Пехливан есінен танып қалғанын жазды. Ұшақ экипажы оған алғашқы көмек көрсетпек болғанымен, нәтиже болмады. Содан кейін Нью-Йоркке шұғыл қону туралы шешім қабылданды, бірақ ұшқыш ұшақ қонбай тұрып қайтыс болып кеткен.

Марқұм 59 жаста болған. 2007 жылдан бері Turkish Airlines компаниясында жұмыс істеген. Осы жылдың наурыз айында ұшқыш жыл сайынғы міндетті медициналық тексеруден өткен.

Әуе компаниясының өкілі марқұм капитанның отбасына, оның әріптестері мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ Нью-Йоркке шұғыл қонған ұшақтағы жолаушылар бастапқы бағытына жеткізілетіні хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2172339-turkish-airlines-ushqyshy-stambulga-ushu-kezinde-qaitys-boldy/