Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Молдовада Еуропа одағына кіру бойынша өткен референдумның алдын ала нәтижелері белгілі болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Молдова туы
Молдова туы. Фото: pixabay.com

Молдовада дауыс берушілердің жартысынан астамы референдумда Еуроинтеграцияны жақтап дауыс берген. Сондай-ақ президент сайлауының екінші туры жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

РИА Новости сайты Молдовада 20 қазанда президент сайлауы, сондай-ақ Еуроинтеграция бойынша референдум өткенін хабарлады – дауыс берушілердің қатысуы бойынша екі шара да өтті деп танылған.

Референдум аясында азаматтар "Сіз Молдова Республикасының Еуропа одағына кіруі мақсатында конституцияны өзгертуді қолдайсыз ба?" деген сұраққа жауап беруі керек болған.

Орталық сайлау комиссиясы хаттамалардың 98,38 пайызын өңдегеннен кейін Молдовадағы сайлаушылардың жартысынан астамы республиканың Еуропа одағына кіруін жақтап дауыс бергені мәлім болды.

Бұл бастаманы 732 780 адам (50,07%) қолдаған, ал елдің 730 664 тұрғыны, яғни 49,93 пайызы қарсы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2176803-moldovada-europa-odagyna-kiru-boiynsha-otken-referendumnyng-aldyn-ala-natizheleri-belgili-boldy/