jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Пәкістанда үйлену тойына бара жатқан автобус өзенге құлап, 16 адам қаза тапты

Автобус
Автобуста отырған адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сейсенбі күні Пәкістанның Гилгит-Балтистан провинциясындағы Диамер ауданында бір автобус Үнді өзеніне құлап, кемінде 16 адам қаза болды. Бұл туралы telegraphindia.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылым мәліметінше, құтқарушылар автобустағы 23 адамның біреуін ғана аман алып қалған.

"Өзеннен он алты адамның денесі шығарылды, қалғандарын іздестіріп жатырмыз", - деді Диамер полициясының өкілі Шер Хан.

Оның айтуынша, сол күні тұрмысқа шығуға тиіс болған қалыңдық та апат кезінде жараланып, аурухана түскен.

Сайттағы мәліметке қарағанда, апатқа ұшыраған автобус Пенджабта өтетін үйлену тойына бара жатқан. Көлік сейсенбі күні таңертең көпірден өтпек болғанда өзенге құлаған.

Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари қаза болғандар мен зардап шеккендердің туыстарына көңіл айтты.

Авторы: Талғат Дүйсенбек

Пәкістанда үйлену тойына бара жатқан автобус өзенге құлап, 16 адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.