jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Зеленский Украинаның "Төзімділік жоспары" таныстырылатынын айтты

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Spencer Platt/Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский "Төзімділік жоспары" дайындалып жатқанын мәлімдеді. Құжат қауіпсіздік, қару-жарақ өндірісі, энергетика және "мәдени егемендік" туралы ережелерді қамтиды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Украина президенті кеңсесінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Зеленскийдің айтуынша, он тармақтан тұратын "Төзімділік жоспары" украиналықтарға келесі аптада таныстырылады.

"Бүгін бірнешеуін, атап айтқанда мәдени егемендік туралы тармақты талқыладық. Украинаның мәдени мұрасы, қазіргі мәдениеті және мәдени дипломатия туралы. Кейде саясаткерлер де, ақпараттық кеңістік те жеткізе алмайтын нәрселер болады. Бірақ эмоциялар соны жеткізеді. Өнер арқылы. Біз бұған көбірек мән беруіміз керек", - дейді президент.

Зеленский ішкі қауіпсіздік жоспарына да қысқаша тоқталып өтті.

"Бүгін біз ішкі Қауіпсіздік жоспары тармағын да талқыладық. Бүкіл елдің, әр облыстың, әр қауымның қауіпсіздігі. Сол маңызды. Әр азаматымызға қажетті қауіпсіз кеңістік", - деп мәлімдеді Украина президенті.

Құжат мемлекеттің "украин жеңісі үшін" ішкі мүмкіндіктерді пайдалану жоспарына айналуға тиіс.

Айта кетейік, 2022 жылы Владимир Зеленский "Үлкен жиырмалық" (G20) саммитінде украин бейбітшілік формуласын ұсынып, Украинада соғысты доғарудың міндетті түрде орындалуы тиіс 10 шартын атаған.

Авторы: Талғат Дүйсенбек

Зеленский Украинаның "Төзімділік жоспары" таныстырылатынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.