Грузияда оппозиционер ОСК төрағасының бетіне қара бояу шашып жіберген (видео)
Жарияланған күні:

Грузия Орталық сайлау комиссиясының оппозициялық мүшесі Давид Киртадзе комиссия төрағасы Георгий Каландаришвилиге қара бояу шашып жіберді. Бұл жөнінде "РИА новостиге" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылым мәліметінше, бұл жайт 26 қазанда өткен парламенттік сайлаудың қорытынды хаттамасын қараған Орталық сайлау комиссиясының отырысы кезінде болды.
ОСК отырысы біраз уақытқа тоқтатылды, содан кейін комиссия соған қарамастан қорытынды хаттаманы бекітті. Оған сәйкес, Ресеймен қарым-қатынасты сақтауды жақтайтын биліктегі "Грузия арманы" партиясы 53,93 пайыз дауыс жинап, 150 мандаттың 89-ына ие болды.
Ал осы уақытта Орталық сайлау комиссиясы ғимаратының жанында наразылық шерулері өтіп жатыр. Оппозиция "Грузин арманы" партиясы жеңіске жеткен сайлау нәтижелерін мойындамайтынын білдірді. Олар дауыс беру нәтижелерінің бұрмаланғанын айтып, халықаралық тергеу жүргізуді және сайлауды қайта өткізуді талап етіп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2188329-gruziiada-oppozitsioner-osk-toragasynyng-betine-qara-boiau-shashyp-zhibergen-video/