Ресейде ауруханада өрт шығып, адамдар терезеден секірген (видео)
Жарияланған күні:
Ресейдің Екатеринбург қаласындағы № 3 ауруханада өрт шықты. Адамдар терезелер секіріп, қызыл жалын жансақтау бөліміне дейін жетті. Өрт сөндірушілер өртті сөндіре алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"РИА Новости" агенттігінің хабарлауынша, Екатеринбургте емхананың шатыры өртенген. Пациенттер мен келушілер эвакуацияланды.
Емханадағы өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ екені хабарланды.
Mash Telegram-дағы арнаның хабарлауынша, өрт ғимараттың төбесінде болған, ал бұған дейін мекеме шатырды жылытқан. Желіде жарияланған кадрлардан адамдардың терезелерден секіріп, ғимараттан қашып бара жатқанын көруге болады.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер медициналық мекемедегі өртті оқшаулаған.
"Братья Быковы көшесінде №3 орталық қалалық клиникалық аурухананың ғимаратының шатыры өртеніп жатыр. Өрт 300 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнында бірнеше техника жұмыс істеп жатыр", - деп хабарланды департаменттің Telegram-дағы арнасында.
Өрт сөндірушілер ғимараттың шатырынан бір адамды құтқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2189030-reseide-auruhanada-ort-shygyp-adamdar-terezeden-sekirgen-video/