Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия әуежайына қонған ресейлік ұшақ өртке оранды (видео)

Жарияланған күні:

Түркияда өртенген ресейлік ұшақ
Өртеніп жатқан ұшақ. Видеодан кадр: t.me/mash/59486

Түркияның Анталия қаласында жексенбі, 24 қарашада Ресейдің Сочи қаласынан ұшқан жолаушылар ұшағынан қону кезінде өрт шықты. Желіде төтенше жағдай кезінен бейнежазбалар тарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Airporthaber түрік порталының мәліметінше, әуежайға қонған кезде Azimut әуе компаниясының Sukhoi Superjet 100-95LR ұшағының қозғалтқышы өртене бастаған.

Ұшақтың қолайсыз ауа райы жағдайында қонғаны хабарланды. Осы оқиғаға байланысты ұшу-қону жолағы уақытша жабылып, бірнеше рейс кейінге шегерілді.

"Росавиация" өкілі Антон Кореняко өзінің Telegram-дағы арнасында ресейлік ұшақта төтенше жағдай болғанын растады.

"Азимут" әуе компаниясының Superjet 100 ұшағының жолаушылары мен экипаж мүшелері эвакуацияланды, қазір "Азимут" кері ұшуға қосымша ұшағын дайындап жатыр", - деп жазды Кореняко.

Ресейдің Анталиядағы бас консулдығы да Telegram-дағы арнасында төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің жоқтығын растады.

Анталия әуежайы азаматтық әкімшілігі басшысының орынбасары Суат Сейитоглу Yirmi dort агенттігіне өрт кезінде ұшақта 87 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болғанын хабарлады. Олардың барлығы эвакуацияланды.

"Ұшақтағы барлық жолаушы ешбір жарақатсыз эвакуацияланды", - деді Сейитоглу.

Ал Telegram-дағы Mash арнасы ұшақ қону кезінде сол қанатымен ұшып-қону жолағына соғылып, алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына дәл осы жағдай себеп болуы мүмкін екенін жазады.

Өртенген ұшақ жолаушылары қонған кезде қатты соққыны сезініп, жанармай төгілгенін айтады. Экипаж жедел әрекет етіп, барлығын эвакуациялады. Түркияның төтенше жағдайлар қызметі де оқиға орнына жедел жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2191776-turkiia-auezhaiyna-qongan-reseilik-ushaq-bortynan-ort-shyqty-video/