jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Трамп Мексика мен Канаданы Америка Құрама Штаттары қатарына қосуды ұсынды

Дональд Трамп
Дональд Трамп: Peter Kramer/NBC via Getty Images

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Мексика мен Канаданы субсидия алу үшін АҚШ-тың құрамына қосылуға шақырды. Бұл туралы Трамп NBC News арнасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды РБК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Біз Канадаға жылына 100 миллиард доллардан астам субсидия береміз. Бізден Мексика 300 миллиард долларға жуық субсидия алады. Біз мұны істемеуіміз керек. Неліктен біз бұл елдерге субсидия беріп жатырмыз? Олар жаңа штаттарымыздың біріне айналсын", - деді.

Бұған дейін саясаткер заңсыз мигранттар ағыны мен есірткі контрабандасына байланысты "Мексика мен Канададан келетін барлық тауарға 25 пайыздық баж салығын енгіземіз" деп қорқытқан. Мексиканың экономика министрі Марсело Эбрард "Бұдан кейін тарифтер АҚШ экономикасына 400 мың жұмыс орнын жоғалтады және тұтынушылық бағаның өсуіне әкеп соқтырады" деп жауап берді.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо АҚШ-қа заңсыз көші-қон ағынын азайту үшін шекарадағы бақылауды күшейтуге уәде берді. Канаданың қоғамдық қауіпсіздік министрі Доминик Лебланктің айтуынша, бұл үшін дрондар мен тікұшақтарды пайдалануға болады.

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік департаментінің есебі бойынша, 2022 жылы елде заңды мәртебесі жоқ 11 миллион мигрант болған, бұл көрсеткіш артуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп АҚШ-та дүниеге келгендерге азаматтық беруді тоқтатуға ниетті екенін айтқан болатын.

Трамп Мексика мен Канаданы Америка Құрама Штаттары қатарына қосуды ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.