jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Грузияда мейрамханадан 12 адамның денесі табылды

Грузиядағы жедел жәрдем көлігі
Грузиядағы жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: Davit Kachkachishvili/Anadolu via Getty Images

Грузияда Гудаури тау-шаңғы курортындағы үнді мейрамханасынан 12 адамның денесі табылды. Олардың 11-і шетел азаматтары. Өлім себебі әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Грузияның Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған басылым марқұмдардың денесінде азаптау белгілері болмағанын хабарлады.

"Тергеудің алдын ала мәліметтеріне сәйкес, жабық ғимаратта бөлме жанында генератор орнатылған. Ол кеше нысанға электр энергиясының берілуі тоқтаған кезде қосылған болуы мүмкін", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Мәйіттер екінші қабаттағы жатын бөлмеден табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмдар – мейрамхана қызметкерлері.

ІІМ қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оқиға орнында сарапшы-криминалистер жұмыс істеп, жауап алуда. Аталған жайттың нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Грузияда мейрамханадан 12 адамның денесі табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.