Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлиев: Ресей мен НАТО соғысса, ақырзаман орнайды

Жарияланған күні:

Ильхам Әлиев
Ильхам Әлиев. Фото: akorda.kz

Ресей мен НАТО арасында әскери текетірес басталса, әлемде ақырзаман орнайды. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ RBC сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Вашингтон мен Мәскеуде, сонымен бірге басқа да астаналарда дәл осындай сұмдық жағдайға жол бермеу үшін саяси сабырлық жеткілікті деп ойлаймын", - дейді Әлиев. Әзербайжан президентінің ВГТРК-ға берген сұқбатынан үзіндіні "РИА Новости" жариялады.

Әлиев Солтүстікатлантикалық альянс пен Ресейдің "қанды соғыста кездесуін" ақырзаман деп сипаттады.

2024 жылғы қаңтарда НАТО әскери комитетінің басшысы адмирал Роб Бауэр НАТО-ға мүше елдер Ресеймен арада ауқымды соғысқа дайын болуы тиіс деп мәлімдеген. Биыл маусымда Германия қорғаныс министрі Борис Писториус бундесвер соғысқа 2029 жылға қарай дайын болуға тиіс деп айтқан.

Кремль әскери блок жауынгерлері Украинада пайда болған жағдайда Ресей мен НАТО арасында жанжал тұтанады деп ескерткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2201784-aliev-resei-men-nato-sogyssa-aqyrzaman-ornaidy/