Түркияда қару-жарақ зауыты жарылып, 12 адам мерт болды
Жарияланған күні:

Түркияның солтүстік-батысындағы Балыкесир провинциясында жарылғыш заттар шығарататын зауыт цехында жарылыс болып, кем дегенде 12 жұмысты мерт болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN Turk арнасынай сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Зауыт провинцияның Каваклы ауданында орналасқан. Телеарна мәліметінше, әскери қару-жарақ шығаратын зауыттың капсула жасайтын цехы жарылған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметінің 112 бригадасы жектен.
Жергілікті билік мәліметінше, жарылыс таңғы сағат 08.25-те болған.
Балыкесир губернаторы Исмаил Устаоглу оқыс оқиғадан 12 жұмысшы қаза тапқанын айтты.
"Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан 12 жұмысшы мерт болып, үш жұмысшы жараланды. Олар ауруханаға түсті. Өртті сөндіріп жатырмыз", - дейді өңір басшысы.
Оның айтуынша, жарылыстан капсула шығаратын цех ғимараты ғана опырылып түскен. СОл маңдағы басқа да ғимараттардың терезелері сынған.
"Жарылыс көп аумаққа тарамады. Цех ғимараты ғана құлады", - дейді Устаоглу.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2204168-turkiiada-qaru-zharaq-zauyty-zharylyp-12-adam-mert-boldy/